|
Сынып |
Қалаға жолдама |
Орын алғандар |
көрсеткіш |
|
10 |
3 |
1 |
% |
|
11 |
1 |
1 |
100% |
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Пән |
сыныбы |
Нәтижесі |
Пән мұғалімі |
|
1 |
Хусаинов Алдияр |
математика |
10 «А» |
3-орын |
Қарсақбай Қуанышбай Рымбекұлы |
|
2 |
Серікбай Зухра |
математика |
11 «А» |
3-орын |
Қарсақбай Қуанышбай Рымбекұлы |
Жүлделі орын алған оқушылар есептерді шешуде логикалық ойлау қабілеттерін, математикалық сауаттылықтарын және уақытты тиімді пайдалану дағдыларын көрсете алды. Олимпиада барысында күрделілігі жоғары тапсырмалар ұсынылып, оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыру қабілеті бағаланды.
Қатысушылардың 50 пайызының жүлделі орын алуы — математика пәні бойынша қосымша сабақтар, жеке дайындық және мақсатты бағытталған жұмыстың оң нәтижесі. Сонымен қатар, бұл жетістік басқа оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттырып, олимпиадаларға қатысуға деген ынтасын күшейтеді.
Қорытынды:
Қалалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының нәтижелері мектебімізде дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың жүйелі екенін және математика пәні бойынша дайындық сапасының қанағаттанарлық деңгейде екенін көрсетті.
Ұсыныстар:
- Жүлдегер оқушылармен жұмысты жалғастырып, күрделі деңгейдегі есептер бойынша тереңдетілген дайындық ұйымдастыру;
- Олимпиадалық резерв қалыптастыру мақсатында төменгі сынып оқушылары арасында іріктеу жұмыстарын жүргізу;
- Пән мұғалімінің тәжірибесін тарату үшін әдістемелік бірлестік аясында ашық сабақтар өткізу;
- Алдағы оқу жылында қалалық және облыстық деңгейдегі математикалық олимпиадаларға қатысушылар санын арттыру.





